ЖАЛҒЫЗ САРЫ ЖАПЫРАҚ

ЖАЛҒЫЗ САРЫ ЖАПЫРАҚ

Сары күздің жазған сары хатын ап,

Тұнжырайды бағы тайған атырап,

Ел өтінде қу бұтаққа ілінген,
Зар қағады, жалғыз сары жапырақ.

Тағдырына мойынсұнған қалтырап,

Жапырақты тұр ғой әлем бақылап,

Адам – сынды қимай жатқан жарықты,

Сары уайым жеген сары жапырақ.

Зар қағады ол  сабағында қалтырап,

Мұңлы әуенге құлақ тігіп отыр бақ,

Жылы жаққа кете алмаған оқ тиіп,

Сары ала қаз, бәлкім – сары жапырақ.

Күз тағдырдың келерінен қапы қап,

Жаз бойына әндетті ме ақымақ!
Қайық па екен бағытынан адасқан,
Сары желкен таққан сары жапырақ.

Жел өтінде тұр ғой өмір қалтырап,

Ажал жетсе, құлар жері – топырақ.

Болашақтан үміт үзген адамдай,

Жаздан күдер үзген сары жапырақ.

Жел өтінде тұрған оның қалтырап,

Ей, табиғат, арызына сал құлақ!

Сары күзге шағым айтып жатқандай,
Сара тілін сарқып сары жапырақ.

Cалып өтіп нөсерімен шапалақ,

Түнеріп кеп қарайды аспан шатынап,

Кәрі ағашқа таққан медаль секілді

Теңселеді  жылтыр сары жапырақ.

Тағдырына мойынсұнған қалтырап,

Жапырақты тұр ғой әлем бақылап,

Адам – сынды қимай жатқан өмірді,

Жел өтінде әлсіреген жапырақ.   

Нағашыбай Қабылбек
28.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584