Волонтерлердің 1-форумы өтеді

Волонтерлердің 1-форумы өтеді

Қазақстанда биыл 15-19 тамыз аралығында Орта Азия волонтерлерінің бірінші форумы өтеді. Ұйымдастырушы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында сөйлеген сөзіндегі волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау жөніндегі бастамасын қолдауға бағытталған. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялаған болатын. Форум Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Армения және Өзбекстан волонтерлерінің басын қосады. Қатысушылар волонтерліктің жаңа үрдістерін, волонтерлікті дамытудағы Қазақстанның жақсы тәжірибесін талқылайды. Сондай-ақ, үздік жобаларды және БҰҰ волонтерлер бағдарламасын – әлемдегі еріктіліктің жай-күйі туралы «Баршаға тең қоғам құру» баяндамасын ұсынады. Баяндама Африка, Араб елдері, Азия-Тынық мұхиты, Еуропа, ТМД, Латын Америкасы және Кариб бассейнінде жүргізілген кейстерге негізделген.

Форум 2 кезеңнен тұрады. I кезең. 15-16 тамызда Бурабай ұлттық паркінде және Түркістан облысында халықаралық волонтерлер мен сарапшылардың қатысуымен Қазақстанның волонтерлікті дамытудағы тәжірибесін талқылау, үздік волонтерлік жобаларды таныстыру үшін офлайн форматта пікірталас өтеді. Қатысушыларды білім беру, экология, медицина, жұмысқа орналастыру, инклюзия, бұқаралық спорт, этно-еріктілік, үздік тәжірибелер, шығармашылық аймақ және әлеуметтік шеберхананың жеке бағыттары бойынша ойын практикасы күтіп тұр.

II кезең. 18-19 тамызда елордада TEDx talks форматындағы қорытынды форум өтеді. Онда панельдік сессиялар, волонтерлік қызмет кеңесі/пулы алаңдары ұйымдастырылып, делегаттар сөз сөйлейді. Күннің негізгі бөлігінде 2022 жылы ББМДҰ-ның қарары жарияланып, арнайы сессия өтеді. Форум бойынша барлық материалдарды төмендегі https://drive.google.com/drive/folders/19 zgZwnJF83Z158aSsmqJ5d7PWr_wXP4x сілтеме арқылы көруге болады.

БАҚ-қа арналған байланыс мәліметтері: Ақерке Берлібай (PR менеджері) + 7 702 911 8907 Instagram — https:// www.instagram.com/qazvolunteer.kz/ Facebook — https:// www.facebook.com/qazvolunteer. 

Ермек Сахариев
16.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594