ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ЖАҢА 100 ШТАТ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА ЖАҢА 100 ШТАТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніне түрлі бағыттағы өнер ұжымдарын ашу үшін хореографиялық 100-ден астам мәдениет қызметкеріне штат берілді. Атап айтқанда, хореографиялық би ұжымы, этнофольклорлық ансамбль, биг-бэнд ансамблі, классикалық, эстрадалық, дәстүрлі, заманауи бағыттағы әншілер топтары және балалар қуыршақ театрына мамандар қабылдануда.
Өнерпаздарға жаңа мүмкіндік ретінде бос жұмыс орындарына кастинг жарияланып, алғашқы байқау 14 тамыз күні өткізілді. Оған Қазақстанның әр өңірінен 40-қа жуық түрлі өнер майталманы мен жас мамандар қатысты. Атап айтқанда Петропавл, Қарағанды, Тараз, Алматы, Шымкент, т.б. қалалардан, Қызылорда облысынан, Түркістан облысының аудандарынан өнер мамандары келіп, өз бақтарын сынады.
Байқауда «Конгресс Холл көпсалалы кешені» МКҚК-ның басшылары мен шығармашылық бөлімінің қызметкерлерінің іріктеуінен 27 жас маман іріктеліп алынды.
Қазіргі таңда өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктеліп жатыр.
Екінші кастингті 5 қыркүйек күні өткізу жоспарлануда. Мамандарды Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия іріктейді. Бүгінгі күнге 25 жуық үміткер өз өтінішін білдірген.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
25.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 94
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 100
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 394
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 689

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18293
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18155
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33344
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31895
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35639