ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа орынбасарды аппарат ұжымына таныстырып, Түркістан облысын дамыту бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты. Ел сенімін ақтайтынына сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Ертай Алтаев 1984 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. Мамандықтары: Туризм мененджері, құқықтану.
Әр жылдары мемлекеттік қызмет жүйесінің сатыларынан өткен, мемлекеттік қызметте 17 жылдан астам жұмыс істеп келеді.
2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінде жетекші маман, сондай-ақ сарапшы лауазымдарында қызметте болған. 2008 - 2011 жылдар аралығында аталған министрлікте министрдің кеңесшісі қызметін атқарған.
2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде Арнайы жобалар секторының сарапшысы лауазымына тағайындалса, 2012 жылдан 2022 жылға дейін Ішкі саясат бөлімінде Талдау және әдістемелік-инспекциялық жұмыс секторының инспекторы лауазымын атқарған.
2022-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміндегі Мәдениет, тілдерді дамыту, жастар саясаты және спорт секторының меңгерушісі лауазымында қызмет еткен.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 351
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 340
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18254
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18113
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33303
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31854
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35571