ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АҚТОТЫ РАЙЫМКҰЛОВА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ (ТМҰ) СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ XII ОТЫРЫСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АҚТОТЫ РАЙЫМКҰЛОВА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ (ТМҰ) СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ XII ОТЫРЫСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

2025 жылғы 7 қазанда Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Габала қаласында (Әзербайжан) өткен Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің  отырысында сөз сөйледі.

Отырыста Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов, Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийярто, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, сондай-ақ үкімет өкілдері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Іс-шарада сөз сөйлеген Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Әзербайжан тарапына жылы қабылдау мен Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде бейбітшілік пен қауіпсіздік тақырыбының мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және мәдени мұраны келешек ұрпаққа сақтау тұрғысынан ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Өз сөзін жалғастыра отырып, Ақтоты Райымқұлова Түркі мәдениеті және мұрасы қорының биылғы жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді:

«2025 жылы біз реставрация, музейлендіру, цифрландыру және тәжірибе алмасу бағдарламаларын қамтитын 65 жобаны жүзеге асырдық. Барлық бастамаларымызда біз интеграцияға, ынтымақтастыққа және бірлікке басымдық береміз.

«Түркі әлемінің келешегі — 2040» құжаты мен Астана саммитінің Декларациясына сәйкес біз алғашқы көптілді Түркі әлемінің мәдени мұрасы Каталогын басып шығардық. Бұл басылым болашақта «Turkic Heritage» («Түркі мұрасы») Цифрлық платформасын құрудың негізі болмақ.

Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының Президенті, Жоғары мәртебелі Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен және Түркі мемлекеттерінің басшыларының қолдауымен біз көптомдық, көптілді Түркі халықтарының фольклорлық мұрасының Антологиясын жүзеге асырдық.

Біз сондай-ақ Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Диуан лұғат әт-Түрк» еңбегінің 950 жылдығына арналған халықаралық конференцияны ұйымдастырдық.

Қорымыз «Түркі әлемінің келешегі — 2040» және «TURKTIME» құжаттарына сүйене отырып, ЮНЕСКО, ИСЕСКО және түркі ынтымақтастығы ұйымдарымен серіктестік байланыстарды нығайтуды жалғастыруда.»

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, биыл мамыр айында Будапешт қаласында өткен бейресми саммит барысында Өзбекстанның Түркі мәдениеті және мұрасы қорының толыққанды мүшесі ретінде қабылдануы туралы тарихи шешім қабылданған. Бұл оқиға түркі отбасының ынтымағын одан әрі арттыра түсті.

Қор басшысы сондай-ақ Түрікменстанның бақылаушы ретінде қосылуға деген ниеті маңызды қадам екенін атап өтіп, жақын болашақта бұл елдің де түркі отбасының толыққанды мүшесіне айналатынына үміт білдірді.

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті өз сөзін түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастық пен бірлікті одан әрі нығайтуға шақырумен аяқтады.

07.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 240
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 252

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18440
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18299
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33484
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32033
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35804