Тұрғындарды қазақша үйренуге мәжбүрлемеу керек - Павлодар облысының әкімі

Тұрғындарды қазақша үйренуге мәжбүрлемеу керек - Павлодар облысының әкімі

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірдегі тұрғындарға қазақ тілін мәжбүрлеп үйретпеу керектігін алға тартты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Басшы Железин ауданы тұрғындарымен кездесуінде жергілікті ақсақалдарға мемлекеттік тілді насихаттау керектігін атап өтті. Оның айтуынша, аудандағы мектептерде мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар саны 15%-ға да жетпейді. 

Біз ауылдарды аралағанда мектептерге, шағын орталықтарға барамыз. Кеше Веселая роща ауылына барғанда 157 оқушыдан 20 оқушы ғана мемлекеттік тілде оқиды екен. Аудандағы халық тек өзге ұлт өкілдері деп айта алмаймын. Онда көбіне өзіміздің қарагөздер тұрады, – деді Павлодар облысының әкімі.

Асайын Байхановтың пікірінше, насихаттың болмауынан қазақ тіліне деген сұраныс аз.

Сондықтан ақсақалдардан мемлекеттік тілді насихаттауды сұраймыз. Мұнда мемлекет тарапынан мәжбүрлеуге ешқандай жол берілмеуі керек. (Мемлекеттік тіл) тек әдептілікпен насихатталуға тиіс. Сондықтан бірге жұмыс істейік. Сіздер де көмектесіңіздер, – деді өңір басшысы.

 Pavlodarnews.kz.

19.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18262
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33310
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594