Черногорияның Будва қаласында 19 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған аға бапкер Бақыт Сәрсекбаев 10 жігітті іріктеп апарған болатын. Яғни Қазақстан құрамасы барлық салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр. Жарыстың алғашқы күндері 55 келідегі Айдос Үсенов, 65 келідегі Ақжүрек Қалабай, 85 келідегі Руслан Ахметов және аса ауыр салмақтағы Владислав Саможоновтар жекпе-жек өткізді және барлығы да қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Енді жарыс кестесіне сәйкес қалған жігіттер шаршы алаңға шығады. Будвадағы әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады. Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік додаға 80 елден 550-ге жуық боксшы қатысып жатыр.












