Теннис: Анна Дубайда топ жарды

Теннис: Анна Дубайда топ жарды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында Дубайдағы ITF W 100 турнирінің жеңімпазы атанды.  Осы жарыстың 1-ші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен словакиялық Виктория Кузьмова финалда ресейліктер Ангелина Габуева – Анастасия Захаровамен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда ресейлік жұп басымдық танытты – 6:4. Екіншісінде А.Данилина мен В.Кузьмова қарымта қайырды – 6:3. Шешуші үшінші супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:2. Тартысты бәсеке 1 сағат 27 минутқа созылды. Осылайша А.Данилина жұптық сында тағы бір титулына қол жеткізді. 

 

Ермек САХАРИЕВ
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 113
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 116
АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 286

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18526
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18387
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33569
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32121
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35892