Шынықсаң, шымыр боласың!

Шынықсаң, шымыр боласың!

Дене шынықтыру және спорт адамдардың қоғамдық белсенді тұлғаны қалыптастыратын, оптималды физикалық дамуын, рухани және адамгершілік қасиеттерді қатар тәрбиелейтін қабілеттерімен байланысты. Сондай-ақ әрбір  адамға тән физикалық қасиеттерді жан-жақты жетілдіру мүмкіндігін іске асырады. Дене шынықтыру және спорт қоғамның әрбір мүшесінің жемісті еңбек пен басқа да қоғамдық маңызды қызмет түрлеріне дайындығын қамтамасыз етеді.

Спорт – салауатты өмір салтының кепілі. Ғалымдардың айтуынша, әдетте күніне 30-40 минут уақытын спортқа арнаған адам көп ауырмайды, сырқатқа шалдығу қаупі 30 пайыз кемиді екен. Бүгінгі күні  салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін арнайы алаңдар жасалып,  барлық спорт жабдықтары орнатылған.  Тек ертемен келіп ерінбей жаттығумен айналыса берсең болды. 

Денені шынықтырудың адамдар үшін  пайдасы ұшан-теңіз. Сол үшін денсаулығымызға аса мән беріп, спортпен айналысу қажет. Шыныққан жан шымыр болады. Қазақта «денсаулық – зор байлық» деген мақал бар. Әсіресе жасөспірімдер  мен студенттер үшін денешынықтыру сабақтары мен спортпен шұғылданудың пайдасы зор. Өйткені өсіп келе жатқан жастардың денесі мен ағзасына қимыл-қозғалыс керек. Денсаулығың  мықты болсын десеңіз,  мына ережені бұзбай жасап отырған абзал. Яғни  дұрыс тамақтану, уақытты үнемді пайдалану, дене еңбегі, спортпен шынығу және тиімді демалу.   

Спортпен айналысу адамның иммунитетін күшейтіп, әртүрлі ауруға  қарсы тұруға жәрдемдеседі. Сондай-ақ есте сақтау қабілетін жақсартып, ұйқысыздықтан арылтады. Жүрек-тамыр жүйесі қызметін жақсартады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: волейбол, теннис, футбол, баскетбол, хоккей, суда жүзу, шаңғы тебу, т.б. Мысалға, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы  ойындары адам миының жақсы жұмыс істеуіне  септігін тигізіп,  алмасу процесіне көмектеседі. Дегенмен де кей адамдарға  спортпен шұғылдану денсаулығына жақпауы мүмкін.  Ондай кезде асықпай  жаяу жүрген дұрыс. Соның ішінен өзіне тиімдісін таңдаған жөн. Осы арқылы сіз жүрек ауруларынан сақтанып, қаныңыздағы қант мөлшерін реттей аласыз немесе  қатерлі ісіктің алдын аласыз. Спортпен жиі айналысқан адамның денсаулығы жақсарып, дені сау, көңіл күйі сергек болып жүреді.  Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екені және оның адам өмірін ұзартатыны бәрімізге де аян. 

Спорт көңіл күйді көтереді, адамның көңілді жүруіне  көмектеседі. Себебі жаттығып жатқанда эндорфин гормоны көптеп бөлінеді екен. Бұл  гормон бақыт гормоны деп аталады. Осыдан адамның  жаны тыныштанып, рақат сезімге бөленеді. Бір жарты сағат уақытыңызды бөліп, жаттығу жасау арқылы сіз қаншама аурудың алдын аласыз. Әдетте спортпен шұғылданатын адамдар өзінің денесін қалай жақсы көргенін байқамай қалады, сөйтіп денсаулығына мән бере бастайды. Сондай-ақ терең дем алу барысында  сіз күйзелістен шыға аласыз. Спорт – бұл денсаулық кепілі, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартатын, сондай-ақ стрессті жеңетін басты құрал деп есептеледі.

Спорттың адам ағзасы мен өміріне тигізетін басты пайдасы мынадай: 

1. Физикалық денсаулық. Ол бұлшықеттерді нығайтып, буындардың қозғалғыштығын көбейтіп және артық салмақтан сақтайды. 

2. Психологиялық тұрақтылық. Жаттығу барысында бөлінетін «бақыт гормоны» (эндорфин)  депрессия мен күйзелісті жойып, жақсы көңіл күйді қалыптастырады. 

3. Ұйқының жақсаруы. Физикалық шаршау түнгі ұйқыны жақсартып, ағзаның дұрыс дем алуын қалыптастырады. 

4. Төзімділік пен тәртіп. Адамның ерік-жігері мен шыдамын шыңдайды, әрбір уақытты дұрыс жоспарлауды  және күнделікті өнімділікті арттыруға көмектеседі.

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
02.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26172
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25622
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43011
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38820
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43414