Шымкентте мектеп есепшісі өзіне 64 млн теңге "сыйақы" берген

Шымкентте мектеп есепшісі өзіне 64 млн теңге "сыйақы" берген

Шымкентте өзіне 64 миллион теңге заңсыз "сыйақы" берген есепші сотталды.

Сот мәліметінше, орта мектептің бас есепшісі ай сайын өзінің шотына бекітілген жалақысынан жоғары сома аударып отырған. Соның салдарынан бірнеше жыл ішінде мектеп бюджетіне 64 миллион 295 мың теңге залал келтірілген.

Сотталушының кінәсі өзінің мойындауымен, жәбірленуші өкілінің айғақтарымен, заттай және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Сот барысында прокурор айыпталушыны жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал сотталушының өзі оны бас бостандығынан айырмауды өтінді.

 

"Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының өз кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп ескерді. Сот К-ны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды", – делінген сот хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында білім бөлімінің есепшілері 3 млрд теңгеге жуық қаржыны жымқырғаны туралы жазған едік. 

Stan.kz ақпарат агенттігі
24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584