РАҚЫМШЫЛЫҚ - КЕҢШІЛІК ӘРІ ЖАУАПКЕРШІЛІК

РАҚЫМШЫЛЫҚ - КЕҢШІЛІК ӘРІ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қаңтар қасіреті туралы әр қилы әңгіме айтылатыны жасырын емес. "Ақиқатын Алла біледі" десек те, құқықтық қоғамда бәріне заң орындары баға берді. Ал, жаза басып, арандап қалған жандардың жағдайын кім ұғады? 

Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында осы шетін мәселені айналып өтпегені дұрыс болды.

«Бізге ел бірлігі ауадай қажет, - деді ол. - Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым».

Иә, мейірім, кешірім деген құндылық немесе адами ишарат жөнсіз ұрыс-керістің, орынсыз пәле-жаланың алдын алуға ықпал етеді. Мұндай өрелі шешім адамшылыққа негізделген дәстүрімізге де, кешірімді болуға шақыратын ата дінімізге де сай келеді.

Бірақ "алмақтың да салмағы бар" дегендей, мұның арғы жағында қоғам жауапкершілігі арта түсуі қажет. Жаңа Қазақстан мұны терең түсінеді деп ойлаймыз.

 

 

Дархан МЫҢБАЙ
01.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 194
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 208
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 475
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 280

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18390
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18251
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33436
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31988
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35753