Қызығынан қиындығы мол сала

Қызығынан қиындығы мол сала

Баршаңызды кәсіби мереке — «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлер күні» күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ең алдымен күнделікті өміріміздің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, елдің әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі үшін тынымсыз еңбек ететін сала мамандарына қажырлы еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Бүгінде осы саланың ұжымдары ешбір қиындықтарға қарамастан өндірісті жандандыру, құрылғылардың сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолында ерен еңбек етіп келеді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері күні  — бұл өз өмірін қиын, бірақ өте маңызды істе адамдарды жарық пен жылумен, сумен, көшелердің тазалығын қамтамасыз етуге арнаған мамандардың мерекесі.

Осы саланың қызметкерлері осы миссияны сәтті орындап, облыстың әр үйіне, әлеуметтік мекемелерге және халық шаруашылығының барлық тұтынушы ұйымдарына тіршілік әрекетін қамтамасыз ету қызметтерін еш кедергісіз жеткізіп, жүктелген міндеттерді тиісінше орындап, облысымыздың қарқынды дамуына ықпал етуде.

Әркімнің жұмысы — баға жетпес үлес.

Алдағы уақытта да Сіздер халықтың өміріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Жамбыл облысындағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда белсенді атсалысатындарыңызға сенімдімін!

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
17.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572