ҚЫБЫРАЙЛЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫ ҚОЛДАДЫ

ҚЫБЫРАЙЛЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫ ҚОЛДАДЫ

Қыбырайлықтар бір мақсат жолында — Алға, Өзбекстан! атты іс-шара ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты футболшыларды қолдау, жанкүйерлік таныту, қуанышты бөлісу.

Қыбырай ауданы әкімдігінің бастамасымен аудандық Спорт мектебінде орнатылған үлкен экраннан Өзбекстан мен Колумбия ұлттық құрамалары арасындағы әлем чемпионаты матчысын тамашалау үшін 7 жастан 70 жасқа дейінгі 3 мыңға жуық футбол жанкүйері жиналды.

Матч басталар алдында мерекелік көңіл-күй орнап, жанкүйерлер ұлттық құраманың жеңісіне сенім білдірді. Алаңға жиналғандар қолдарына мемлекеттік туларын ұстап, ойын барысында құраманы қызу қолдап отырды. Әсіресе жастар мен аға буын өкілдерінің бір жерде бас қосуы ел бірлігі мен отансүйгіштік рухтың айқын көрінісіне айналды.

Аудан тұрғындары ұлттық құрамамызды қолдау үшін жүрекпен де, рухпен де бір мақсатқа жұмылып, бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар халық арасындағы ынтымақты нығайтып, спортқа деген қызығушылықты арттыра түседі.

Айгүл Еркін, Ташкент

18.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26172
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25622
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43011
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38820
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43414