Құрамамыз 11-орынды місе тұтты

Құрамамыз 11-орынды місе тұтты

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен әлем чемпионатын қай орында аяқтағаны белгілі болды. Отандастарымыз дүниежүзілік доданы бір күміс медальмен аяқтады. Ел құрамасынан 6 келі алмақта сынға түскен Шерзод Давлатов екінші орын алды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы бір күміспен жалпыкомандалық есепте 11-орынға тұрақтады. Медальдар кестесінде 8 алтын, 2 күміс, 3 қоламен Жапония көш басына шықты. Одан кейінгі орындарға Грузия 5 (2 алтын, 1 күміс, 2 қола), Әзербайжан 7 (1-2-4) медальмен табан тіреді. Сондай-ақ алғашқы ондықта Испания, Ресей, БАӘ, Оңтүстік Корея, Франция, Италия, Израиль бар. Әлем чемпионаты 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазақстан құрамасы қазірге дейін барлығы 17 медаль еншілеп үлгерді. Оның 2-еуі алтын, 7-еуі күміс, 8-і қола медаль.

 

14.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29585
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29132
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46378
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41967
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46713