ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына. ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ ӘДІЛ ҚОРҒАЛСА ЕКЕН

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына.  ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ ӘДІЛ ҚОРҒАЛСА ЕКЕН

Ақтөбе облысының бір топ қожалық иелерімен кездесіп қалдым. Әңгіме барысында дизельді жағармаймен қаншалықты қамтамасыз етілгендерін сөз етті. Халықты жергілікті жердің өнімдерімен шама-шарқынша қамтамасыз етіп отырған ерен еңбек иелерінің жұмысында өлшемі жоқ. Рахметі аз ауыр жұмыстарын естіп, көргенде, не себепті қолдарында билігі бар құзыретті мемлекеттік мекемелер жанашырлық танытып, барлық керек-жарақтарын соларға заңдық тұрғыда түгендеп бермеске деген ойға еріксіз келеді екенсің. Оның үстіне олар әртүрлі құзырлы органдардың заңсыз тексерулерінен зәрезап болып қалған сияқты. Камераға түсіп, аты-жөндерін айтуға да бата алмады. Бұны бейшаралық деп атай алмаймыз. Ертеңгі болар қысымдардан сақтану шаралары деп қарағанымыз жөн-ау. Мал шаруашылығы, шынын айтсақ, әлі де жөнді жолға қойылған жоқ. Жер жыртылып, егін егілер тұста, шөп шабылар уақытта қолдан жасалған жағармайлардың аяқ астынан қымбаттауы шаруа қожалықтарының жүйкелеріне ауыр соққы екенін ескере бермейтініміз және бәр.

ММ мәліметі бойынша, 12.03.2024 жылы оператордың сатылмаған дизель отыны қалдығы 6, 7 мың тоннаны құрады. Бұл ретте 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына бөлінген дизель отынының көлемі 7,2 мың тоннаны құрады. Іс жүзінде қалған дизель отыны алдағы кезеңге арналған көлемге дерлік тең. Бірақ бұл ретте келесі жылға бөлінген дизельдік отынның көлемін министрлік жыл сайын 20 қаңтардан кешіктірмей бекітеді. Сәйкесінше жанармай көлемін 7,2 мың тонна көлемінде бекіткен кезде іс жүзінде 6,7 мың тонна қалдық қалды, ол есепке алынбаған. Бұл мысал қажетті құқықтық реттеудің жоқтығынан ресурстарды ұтымсыз пайдалануды анық көрсетеді. Жаңа жылда дизельдік отынның жаңа көлемі бөлінетіндіктен, қалдықтарды есепке алмай, өткен кезеңдегі барлық қалдық операторда қалады.

Дизельдік отынды әдеттегі бағадан төмен бағамен сатып алған оператор қалдықты өзі үшін өсіріп, пайдамен сатуға мүмкіндігі бар. Осы жағдайдың нәтижесінде оператор мүмкіндігінше көп қалдықтың қалуына мүдделі болады. Осыған байланысты ауылшаруашылығы кәсіпорындарына дизель отынын алуда жасанды кедергілер жасалуда: уақыты, орны, саны , берілу реті және басқа да жағдайлар ауылшаруашылығы кәсіпорындарына осы мәселелер мен айналысқаннан гөрі жанармай құю стансасынан қымбат дизель отынын сатып алу оңайырақ болатындай етіп жасалған. Қалыптасқан жағдайдың шешімі ретінде Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Ең қарапайым және тиімді шешім келесі кезеңнің көлемін анықтау және бөлу кезінде өткен кезеңнің (жылдың) қалдықтары ескерілетін ережені қосу дұрыс болмақ.

Қалдықтарды есепке алуды егіннің аяқталуы мен келесі жылдың басы арасындағы кезеңде өткізу керек. Аталған шарттарды енгізу санамаланған келеңсіз салдарды толығымен жояды, сондай-ақ ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің баға өскен жағдайда өткен кезеңнің шарттарымен жанармай сатып алу мүдделерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ талап етілмеген қалдықтардың қалыптасу мүмкіндігін заңды түрде алып тастау, Операторларды кейіннен тауар нарығында сату, мақсатында осы теңгерімдерді құру мүдделерінен айырады, бұл да тауар өндірушілердің мүдделеріне қолайлы әсер етеді. Тоқ етерін айтқанда, ауылшаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту жағы ақсап тұр. «Үкімет белгілеп берген бағамен сататын өкілдігі бар мекемелер жұмыстарына салғырт қарайды» деген де әңгімелер қожалықтар арасында айтылып жүр. 

Халықты азық-түлікпен, етпен, нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған ауылшаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарын дизельдік жанармаймен қамтамасыз етуге байланысты шаруаларға қолайлы заңдарды шығарып беру – заман талабы.  Мысалы; шілде айынан бастап,  дизельді арзан бағамен беру тоқтатылады екен. Қожалық иелері бұл қолдан жасалған кедергілер деп қарайды. 

Ендігі кезекте «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстанның» басында жүрген ел сұраған азаматтарға құлаққағыс ретінде айтарымыз, шаруа қожалықтары бар таза еңбек иелерінің өтініштеріне құлақ асатын уақыт келді. Бірқатар қожалық иелері дизельдік отындардың қымбаттауына байланысты малдарын, тракторларын т.б. техникалық құралдарын сатып, жиған-тергендерін қосып, облыс орталығы – Ақтөбеге қоныс аударып жатыр. Бұл қаладағы жұмыссыздар армиясын көбейтері сөзсіз! Ауыл-аймақтардың айналасы да тарылып бара жатыр. Ауылдық округтерде тұратын мемлекеттік қызметтегілердің (мұғалім, дәрігер т.б. мамандық иелері) азын-аулақ малдарына бөлінген жер көлемдері де азшылық етеді. Сол себепті де ауыл айналасы тақырланып, шаң-тозаңның көтерілуіне әкеліп соғуда.

Ауылға шындап бет бұрыңыздар, билік тізгінін ұстап отырған азаматтар!

Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, 

Алматы – Ақтөбе – Алматы

 

26.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 348
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 337
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 197
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 493

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568