Қарағанды облысында мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады

Қарағанды облысында мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады

Қарағанды облысында мыңға жуық отбасы жалдамалы және несиелік тұрғын үй алады. Биыл 650 мың шаршы метр пайдалануға беріледі, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 11,7%-ға артық.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

Қазіргі уақытта өңірде жеңілдікті тұрғын үй несиелендіру бағдарламалары жұмыс істейді. Олар «Отбасы банкпен» бірлесіп іске қосылды. Кеншілер мен металлургтер, сондай-ақ басқа да салаларда жұмыс істейтін жастар пәтерге жеңілдетілген қарыздар ала алады.

Жеңіс Қасымбек өңір экономикасының негізгі салалары тұрақты жұмыс істейтінін атап өтті. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5 айдың қорытындысы бойынша 102,3% деңгейінде қалыптасты.

– Жалпы облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты. Жыл соңына дейін экономиканың барлық салаларында оң динамиканы қамтамасыз ету міндетін қоямыз, – деді Қарағанды облысының әкімі.

 

                                                                                    

Жомарт Шаймұрат
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 167
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 178
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 453
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 268

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18357
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18222
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33406
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31960
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35720