Қақтығысты байыпты түрде шешу маңызды

Қақтығысты байыпты түрде шешу маңызды

Украина тарапының бастамасымен 10 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина Президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне және тіліне ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинада халықаралық құқық қағидаттары негізінде бейбітшілік орнауына сөзсіз мүдделі екенін жеткізді. Атап айтқанда, Президент Астананың әуел бастан әділдік негізінде бейбітшілік формуласын бірлесе іздеуді жақтағанын, БҰҰ Жарғысын, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қолсұқпаушылық қағидатын сақтау туралы жүйелі түрде пікір білдіргенін еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазіргідей өте күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыпты түрде шешу маңызды. Мемлекет басшысы тараптар «Жанжалдан жаман болса да бітім артық» деген көнеден келе жатқан даналыққа сай әрекет етуге тиіс деп санайды. Қазақстан Президенті территориялық түйткілдің күрделі екенін түсінетінін айтты. Бұл – халықаралық қатынастардағы ең қиын мәселе. Көбіне бейбітшілік туралы келісімге қол жеткізу, тіпті бітімге келу жолында еңсерілуі қиын кедергіге айналады. Бірақ қазіргі ең басты міндет – қауіпсіздігіне халықаралық кепілдік беру арқылы Украина елінің мемлекеттілігін сақтау. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Украинамен өзара мүддеге сай келетін түрлі салада белсенді ынтымақтастық құруға ниетті екенін атап өтті.

Ресей мен Украина арасында қақтығыс басталғалы бері Қазақстан тарапы күрделі мәселелерді бейбіт келіссөздер арқылы шешуді үнемі дәріптеп келе жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы  наурызда дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуді ұсынған еді. Бұл Ресей әскерлерінің Украина аумағына басып кірген кезі болатын. Ал осы жылы Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық форумда сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Донецк, Луганск аймақтарын тәуелсіз мемлекет ретінде мойындамайтындығын батыл мәлімдеді. Батыс баспасөзі қазақ Президентінің бұл батылдығына таңдай қаққаны әлі есімізде. Сонан бері де Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның бұл қақтығыстарды халықаралық құқықтық нормаларды сақтай отырып, бейбіт келіссөздер арқылы шешу керектігін, бұл тұрғыда қазақ елінің араағайындық жасауға ниетті екендігін үнемі дәріптеп келеді. Ол сонымен қатар екі мемлекетпен де тең құқылы, татулығын сақтайтындығын жасырған жоқ. Яғни не Ресейді, не Украинаны ғана қолдайтын сыңаржақтылы майданда емес екендігін ашық айтқан еді.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
14.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16590
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16445
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31627
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30236
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33838