Олимпиададағы әрбір күрес оңайға соқпайды

Олимпиададағы әрбір күрес оңайға соқпайды

Жақсылық Үшкемпіров бір сұхбатында былай деген еді:

«Олимпиададағы әрбір күрес оңайға соқпайды. Кезекті қарсыластың бірін басында жеңіп келе жатқаныммен, артынша әдістерім өтпей, ол басым бола бастады. Іштей істің қиынға айналып бара жатқанын сезіп тұрмын. Айнала шу, айқайлаған адам. Бұндайда тренеріңді де есту қиын. Бір кезде Шәмілдің даусын естідім. «Түйе құсап шайқа, түйе құсап шайқа» деген қазақша сөз бен Шәмілдің даусын жазбай таныдым. Және оның не айтып жатқанын да түсіндім. Сонша айқайдың арасынан қазақтың сөзі, қазақтың даусы құлағыма анық жетті. Қарсыласымды екі қолынан алып шайқадым. Кері шегінгенінде екі-үш әдісті қатар жасап, ұпайымды арттырып алдым. Ары қарай күресім жүріп кеп берді. Шәміл хас талант қой. Күресті сыртынан бақылап тұрып, ең керек сәтте, ең керек кеңесті берді. Егер сол сөзі болмағанда, менің олимпиада чемпионы болмай қалуым да әбден мүмкін еді».

Қазіргі біраз қазақ спортшыларына жетпейтіні осы-ау. Тілде осындай рух, осындай күш, осындай тылсым сыр, құпия бар.

 

Бурахан Дақанов
01.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584