Несиесі барларға жаңа қарыз берілмейді

Несиесі барларға жаңа қарыз берілмейді

Несие беруге қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілі: «Биылғы жылдың 12 шілдесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Енді жаңа заңға сәйкес, барлық қаржы институттары, тіпті ломбардтар немесе онлайн шағын несие беру орталықтары бір жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті, бұл қарыз алушыларға табысының 50 пайызынан асатын төлемдермен бірнеше несие алуды қиындатады. Банктердің көпшілігі клиенттердің несиелік тарихы туралы ақпаратты онсыз да жедел жеткізген. Алайда көптеген микроқаржы құрылымдары мен ломбардтар бұған немқұрайдылық танытып, несие алу мүмкіндігін тудырады. Енді олардың бәрі бір күн ішінде Несие бюросына несие алған клиент туралы негізгі ақпаратты – оның тегі, аты, әкесінің аты, несие сомасы, өтеу мерзімі және т.б. тапсыруы тиіс. Бірыңғай деректер базасының көмегімен кез келген қаржы ұйымы кезекті несиені алу кезінде клиенттің несиелік лимитіне жеткен-жетпегенін бірден біліп, бұл жағдайда одан бас тарта алады», – дейді. 

 

Ермек Сахариев
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 160
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 170
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 447
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 264

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18349
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18212
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33397
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31952
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35710