Мәжіліс 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті және трансферттер көлемі туралы заңды қабылдады. Бұл ҚР үкіметінің сайтында хабарланды.
Мәжіліс Үкімет ұсынған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес әзірленді.
Сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң қабылданды. Жергілікті бюджеттердің кірістерінің болжамы жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің қолданысқа енгізілетіні ескеріле отырып қалыптастырылды.