Мәнерлеп сырғанадаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров ашық жаттығу өткізіп, жаңа маусымға және 2026 жылғы Олипиадаға дайындығы жайлы баяндады

Мәнерлеп сырғанадаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров ашық жаттығу өткізіп, жаңа маусымға және 2026 жылғы Олипиадаға дайындығы жайлы баяндады

Мәнерлеп сырғанаушы, Бостонда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров жаңа маусым мен ең айтулы дода – ақпан айында Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарына дайындығын жалғастыруда.

Осы демалыс күндері Халық Арена мұз айдынында Михаил ашық жаттығу өткізіп, жаттығудан соң жанкүйерлерімен кездесіп, маусымға қатысты жоспарымен бөлісті, сонымен бірге жаңа хореография мен сүйемелдейтін музыкасы жайлы әңгімеледі. Кездесу аса жылы, мазмұнды өтті. Іс-шараға Михаилдың жанкүйерлері ғана емес, мәнерлеп сырғанаумен айналысатын жас спортшылар да қатысты. Кездесуге келгендер спортшыға сұрақтарын қойып, оның дайындығы мен спорттағы жолы жайлы біліп, сондай-ақ елдің жетекші мәнерлеп сырғанаушысынан ақыл-кеңес ала алды. Кездесуден барлық қонақтар жағымды эмоция мен ынта-жігер алып қайтты.

Михаил Шайдоровтың айтуынша, Олимпиада ойындарына қатысу оның бала кезінен жүрегінде мәпелеген арманы екен.

Кішкентай кезімнен Олимпиада ойындарын қалдырмай көрдім, әлі есімде, Солт-Лейк-Сити 2002, Турин 2006... Бұл да маған алға батыл қадам басуға шабыт берді. Мен үшін Олимпиадаға қатысудан асқан жетістік жоқ. Әр медаль, турнирдің қай деңгейінің медалі болса да, мейлі әлем чемпионаты болсын, ұлттық біріншілік немесе халықаралық жарыс, әрбірі мен үшін құнды. Әр медальдің артында өз әлсіздігіңді, қорқынышыңды жеңе алуың мен күнделікті қажырлы еңбек жатыр, – дейді спортшы. – Демеушілер мен бүкіл команданың қолдауы да аса маңызды. Владимир Жұманбаев пен «Алтыналмас АҚ» компаниясы сияқты адамдар тұрғанда біз жоғары деңгейде жаттығып, бірегей бағдарламамызды әзірлеп, Қазақстанды әлемге лайықты таныстыра аламыз, – дейді Михаил Шайдоров.

 Хореограф, бағдарлама қоюшысы – Иван Ригина, Михаилмен бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Спортшының жаңа бағдарламасында мәнерлеп сырғанаудың заманауи бейнесі мен ұлттық мақам үйлесетін болады дейді Иван. Хореограф ретінде оның міндеті – спортсменнің ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның ұлттық бейнесі мен мәдени бірдейлігін айқын көрсету.  

Қысқа бағдарлама – Kaleo мен No Good топтарының музыкалық үзіндісімен толықтырылған Фил Коллинздің In The Air Tonight композициясының заманауи  түсіндірмесі. Музыканы споршының өзі таңдаған. Еркін бағдарламада Димаш Құдайбергеннің музыкасына  Confessa әні мен «Бесінші элемент» фильміне саундтректің үзіндісі қосылады. Иван бағдарламаны әзірлеудегі басты міндет – споршының бірегей мәнерін сақтау, сондай-ақ қазіргі мәнерлеп сырғанау үлгісі шеңберінде ұлттық ерекшелікті көрсету дейді.

Михаилдың жаттықтырушысы, Олимпиада чемпионы Алексей Урманов та спортшының дұрыс қарқыны мен күрделі элементтерді орындау деңгейіне жоғары баға берді. Мәнерлеп сырғанаушы маусымға тиімді формада кіруі үшін команда қолдан келгенін аяп жатқан жоқ дейді жаттықтырушы. Күнделікті жұмыс пен жаттығу зор нәтиже беріп, команда қазан айында жаңа деңгейге шығамыз деп құлшынып отыр.

Жарыс маусымы Михаил Шайдоровтың мансабында әбден мазмұнды болмақ. 1-7 қазан аралығында мәнерлеп сырғанаушы Алматыда өтетін Денис Теннің ескерткішін ашу салтанатына қатысады. Әрі қарай күнтізбесінде – Қытай мен АҚШ-тағы Гран-при легіне қатысу.

Содан кейін Михаила  Шайдоровты төрт құрлық чемпионаты, 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары және олипиада маусымын қорытындылайтын әлем чемпионаты күтеді. Айта кетейік, спортшы жарыстарға ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен қатысады.

08.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17373
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17216
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32398
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30988
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34639