Мағынасы мен мәні бөлек кешкі жүгіріс

Мағынасы мен мәні бөлек кешкі жүгіріс

«Елордада Winox фитнес клубының ұйымдастыруымен әуесқойлар арасындағы «Заң және тәртіп. «Астана – есірткісіз қала» тақырыбына арналған кешкі жүгіріс ұйымдастырылды», – деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Кешкі уақытта өткізілген іс-шараның басты ерекшелігі – қатысушылар қолдарына арнайы жарқырайтын неон браслетімен жүгірді. Sana Sport кешенінің маңындағы спорттық жарыста ересектер 2,5 және 5 шақырым қашықтыққа жүгірсе, 7-16 жас аралығындағы балалар 500, 1000 метр қашықтықтықта жүлдеге таласты.

«Жүгірісіміз «Заң және тәртіп. «Астана – есірткісіз қала» тақырыбына арналды. Есірткіге қарсы күрес – ортақ міндетіміз. Ал спорт пен белсенді өмір салты – оның ең тиімді жолдарының бірі. Клуб өкілдері мұндай бастамаларды жиі ұйымдастырып, жастар мен ересектерді жарыстарға тартып келеді. Бүгін шарамыздың Sana Sport кешенінің маңында өткізілуі тегін емес. Себебі, бұл орын жақында қайта жаңғыртылды. Жасыл желекке толы, кең әрі заманауи спорт инфрақұрылымымен жабдықталған саябақта қатысушылар керемет эмоция алды деген сенімдеміз», – деді Winox фитнес клубының директоры Юлия Качелаева.

 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
01.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16051
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15914
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31072
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 29714
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33281