Магистранттардың зерттеу құзыреттілігін қалай арттырамыз?

Магистранттардың зерттеу  құзыреттілігін қалай арттырамыз?

Магистранттардың ғылыми-зерттеу тәжірибесі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады, оның мақсаты – негізгі құзыреттерді бекіту, оқытылатын мамандық бойынша тәжірибелік дағдылар мен кәсіби қызмет тәжірибесін игеру. Осыған байланысты магистранттардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өзекті болып отырады. 

Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану  факультетінің 7М11202 - Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік менеджменті мен  аудиті мамандығының 2-курс магистранттары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институтына тағылымдамадан өтуге барды. Бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б.Бекмағамбетов жүзеге асырылып жатқан ғылыми-техникалық бағдарламалар, жаңа ғылыми-ақпараттық басылымдар туралы шолу ақпарат берді, алдағы конференциялар, әсіресе KIOSH-2024 халықаралық Қазақстандық конференция-көрмесі туралы хабарлама жасады. Институттың биомониторинг және еңбек гигиенасы, экономикалық өлшемдер және статистика, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімдеріне экскурсия жасады.

Ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өту магистранттарға өндірістік қауіпсіздікті шешудің жүйелі тәсілін игеруге, диссертацияларының тақырыптары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге, өз нәтижелерін алуға және түсіндіруге мүмкіндік берді.

Д.М.Акубаева, Н.С.Бергенева, С.Т.Калдыбаева,әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары

 

 

28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 359
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 502
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 348
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 204

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33309
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35594