Көкше өңірі көркіне сай, алқабы алтынға бай

Көкше өңірі  көркіне сай, алқабы алтынға бай

Ақмола облысы соның ішінде Көкше өңірі табиғатының көркемдігіне сай, алқабы алтынға бай. Себебі не дейсіз бе? Онда Ақмола облысы еліміздегі Доре қорытпасын өндірудің жалпы республикалық көлемінің 54 пайызын қамтамасыз етеді.  Ол осы нәтижемен  Қазақстандағы басты алтын өндіру орталығы мәртебесін сенімді түрде нығайтып, елімізде көш бастап  келеді. Бұл әсерлі көрсеткіш – RG Gold, Altyntau Kokshetau және «Алтыналмас» сияқты өнеркәсіп гиганттарының нәтижелі жұмысының жемісі. Нақтыласақ, инвесторлар мен бизнес-қоғамдастық үшін басты сигнал ағымдағы статистика емес, өңірдің шикізаттық модельден жоғары технологиялық терең өңдеуге ауқымды өтуіне  сай болып отыр.

Облыстың  инвестиция көлемі  өсімінің  дәлелі Бурабай ауданындағы Райгородок кен орнында Zijin RG Gold жаңа алтын өндіру фабрикасының жобасын іске асыруда айқындалды. Жоба Мемлекет басшысының инвестиция тарту және елдегі инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ белсенді қолдауымен жүзеге асырылып,  іске асыруға саланың әлемдік көшбасшыларының бірі – халықаралық Zijin Mining гиганты тартылған. Жобаның жаңа даму кезеңінің салтанатты басталу шарасына   облыс әкімі Марат Ахметжановтың, Zijin Mining және Zijin RG Gold басшылығы, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. 

Шара барысында болашақ ұрпаққа арналған жолдауы бар ескерткіш капсула құйылды.

Тікелей инвестициялар көлемі 600 млн АҚШ долларынан асатын жоба жылына 10 млн тонна кен өңдейтін жаңа қуаттылықты құруды көздейді. Бұл компанияға 2022 жылдан бері кен орнында табысты жұмыс істеп тұрған байыту фабрикасының бірегей өндірістік және инженерлік сараптамасына сүйене отырып, кешеннің жалпы кен өңдеу қуатын жылына 16 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Өндіріс алаңында толыққанды индустриялық кластер құрылады. Фабриканың өзінен бөлек, жоба энергетика және сумен жабдықтау объектілерін, қалдық шаруашылығын, көліктік логистиканы, жөндеу-қойма кешендерін және 400 адамға арналған жайлы вахталық қалашық құрылысын қамтиды. Екінші алтын өндіру фабрикасын пайдалануға беру жылына қосымша 7 тонна алтын өндіруді қамтамасыз етеді, бұл кәсіпорынның жылдық өнім шығару көлемін 6-12 тоннадан астамға дейін  Доре қорытпасына  арттырады.

Жобаны жүзеге асыруда өнеркәсіптік қауіпсіздіктің халықаралық стандарттары мен экологиялық жауапкершілікті енгізуге ерекше мән берілген. RG Gold озық технологиялары табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, кәсіпорын әлеуметтік әріптестікті де дамытуды жалғастырады: ұжымның басым бөлігін жергілікті тұрғындар құрайды, сондай-ақ инвестормен өңірде жаңа әлеуметтік жобаларды қаржыландыру бойынша нақты келісімдерге қол жеткізілді. Осы мүдделер үштігінде – тұрғындар, мемлекет және инвестор арасында – облыс әкімдігі жобаны барлық кезеңде сүйемелдейтін сенімді серіктес ретінде әрекет етеді. 

Салтанатты  шарада  өңір   басшысы Марат Ахметжанов: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тау-кен металлургия кешені шикізаттық модельден терең өңдеуге және ел ішінде жаңа өндірістер құруға кезең-кезеңімен өтуі тиіс. Біздің өңір үшін мұндай деңгейдегі инвестордың келуі – үлкен ауқымды оқиға. Бұл тек өндіріс алаңын кеңейту емес, жоғары экологиялық жауапкершілігі бар бүкіл саланың жаңа, жоғары технологиялық даму кезеңіне өтуі. Өз тарапынан облыс әкімдігі әрбір кезеңде бизнестің сенімді серіктесі болуды жалғастырады», – деп атап өтті. 

Инвесторлар мен сабақтас салалар үшін жоба сервистік инфрақұрылым мен шағын бизнесті дамытуға қуатты серпін беріп, ынтымақтастықты нығайтатыны нәтиже беретініне екі жақ сенімді. 

Облыс әкімі Марат Мұратұлының сөзін қуаттаған Zijin RG Gold со-бас директоры Марат Шаймарданов: «Біз үшін бұл жоба – өндіріс қуатын арттыру ғана емес, сонымен бірге өңірді дамытуға салынған инвестиция. Өндірісті көбейту мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, ШОБ-ты дамытуға және экономиканы нығайтуға ықпал етеді. Біз тұрғындар, мемлекет және серіктестер үшін ұзақ мерзімді құндылықтар құруға ұмтыламыз», – деп, сенім білдірді.  

Жергілікті кадрларды даярлау да айтылған уәждер  көңіл қуантады. Zijin Mining компаниясы стипендиялық бағдарламаны іске қосып, жергілікті жастарды Қытайға оқуға жіберуде, оқудан кейін жастар рудник пен зауытқа жұмысқа орналасады. Болашақта инвестор жаңа фабрикаға қажетті мамандарды тікелей өңірде даярлау үшін Ақмола облысының жоғары оқу орындарымен және колледждерімен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге «Алтыналмас» компаниялар тобы Жолымбет және Ақсу кеніштеріндегі жұмыс істеп тұрған алтын өңдеу фабрикаларының қуаттылығын жалпы құны 23 млрд теңгеге реконструкциялау мен модернизациялауды жүргізуде.

Осы түйінді жобаларды кешенді түрде іске асыру Ақмола облысына көшбасшылық позициясын сақтап қана қоймай, 2028 жылға қарай алтын өңдеу көлемін жылына 50 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беретіні баса айтылды.

Дахан Шөкшир

16.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27889
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27387
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44737
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40442
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45064