КЕНТАУДА 300 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ

КЕНТАУДА 300 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жаңа 300 орындық мәдениет үйі бой көтермек. Жаңа ғимарттың құрылысы осы жылы басталмақ. Аталған құрылыс «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.
Екі қабаттан тұратын ғимарат бой көтергенде ауыл тұрғындарының түрлі мәдени шараларын өткізуге қызмет жасамақ. Мұнда көрермен залынан бөлек, хореография залы, үйірме кабинеттері, асхана болады.
Айта кетейік, 15 мыңнан аса тұрғыны бар Қарнақтың бұрынғы мәдениет үй жарамсыз күйде. Қарнақ ауыл тұрғындары біраз жылдан бері мәдениет үйінің қажет екенін ұсынып келген. Қала әкімі Жандос Тасов ауыл тұрғындарымен кездесуінде бұл мәселе тағы көтерілген болатын. Енді көптен күткен қуанышты жаңалыққа ауыл тұрғындары дән риза.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
15.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 72
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 80
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 382
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 577

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18283
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18141
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33332
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31884
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35623