Кәсіпқой бокс: Қанат Ислам ұпай санымен ұтты

Кәсіпқой бокс:   Қанат Ислам ұпай санымен ұтты

АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өткен бокс кешінде 38 жастағы отандасымыз Қанат Ислам аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельден басым түсіп, кәсіпқой рингтегі 28-жеңісін тіркеді. 8 раундтық жекпе-жектің екінші раундынан бастап Қанат Исламның басымдығы айқын сезіліп тұрды. Аргентиналық боксшы үнемі қорғанысты ойлап, қазақ боксшысынан жасқаншақтап жүрді. Кездесудің барлық раундтары дерлік Қанат Исламның басымдығымен өтті. 6-раунд аяқталар тұста қазақ боксшысының бүйірді көздеген ауыр соққысынан кейін рингтегі төреші нокдаун тіркеді. Осылайша төрешілер қазақ боксшысының ұпай санымен жеңісін жариялады.Айта кетейік, бұған дейін Қанат Ислам 28 жекпе-жек өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жетіп, біреуінде ғана жеңілген. Хавьер Масьель осымен 52 жекпе-жегіне шықты. Ол 51 айқастың 34-інде жеңіп, 17-сінде жеңілген. 

 

Ермек Сахариев
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 184
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 198
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 464

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18376
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18236
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33424
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31976
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35742