Иран парламенті МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтату жоспарын мақұлдады

Иран парламенті  МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты  тоқтату жоспарын мақұлдады

«Иран парламенті БҰҰ-ның ядролық бақылау ұйымымен ынтымақтастықты тоқтату туралы заң жобасын мақұлдады», – деп хабарлайды Иранның Nournews ақпарат сайты.

Иран парламенті президиум мүшесінің хабарлауынша, Nournews Иран парламенті президиумы мүшесінің сөзіне сілтеме жасап «Жоспарға сәйкес, МАГАТЭ инспекторлары Иранға тек Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің нақты рұқсатымен ғана кіре алады және агенттік Иранның ядролық нысандарының қауіпсіздігіне кепілдік береді», –деді.

АҚШ президенті Трамп жариялаған Израиль мен Иран арасындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енетін сияқты, бірақ Израиль армиясы түн ортасынан бері кем дегенде 21 палестиналықты өлтіріп, Газа секторындағы соғысын жалғастыруда.

Ақ үй БАҚ-тың АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарын бомбалауы оларды толығымен жойған жоқ, тек Иранның ядролық бағдарламасын бірнеше айға кейінге қалдырды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Израиль де, Иран да 12 күндік соғыста жеңіске жеткенін жариялады. Ирандықтар Тегеранда тойлады. Ал Израиль премьер-министрі Нетаньяху жеңіс ұрпақтар есінде сақталатынын мәлімдеді.

Иран Израильдің 13 маусымдағы шабуылынан бері Иранда кем дегенде 610 адамның, оның ішінде 13 бала қаза тапқанын және кемінде 3056 адамның жараланғанын хабарлады. Израильде Иранның шабуылынан кем дегенде 28 адам қаза тапқанын хабарлап жатыр. 

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің Газаға қарсы соғысында кемінде 56 077 адам қаза тауып, 131 848 адам жараланған. 2023 жылдың 7 қазанындағы шабуылда 1139 израильдік қаза тауып, 200-ден астамы тұтқынға алынды деп болжануда.

Аударған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ

26.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14859
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14757
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29904
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28521
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32083