Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?

Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?

Иранның Сыртқы істер министрі Батыс елдері бұл елге халықаралық санкцияларды қалпына келтіргеннен кейін БҰҰ-ның ядролық бақылау ұйымымен ынтымақтастық «бұдан былай маңызды емес» деп мәлімдеді. Биыл маусымда Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстан кейін Иран тарапы елдің қауіпсіздік мәселесіне ықпал ете алмағаны себепті МАГАТЭ-мен болған келісімді тоқтатқан болатын. Алайда дипломатиялық келіссөздерден соң Иран өткен айда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен қайтадан келісім жасасқан еді. Өкінішке қарай, бұл келісімдерден соң да Иран үшін ешқандай жаңалықтар мен тиімділіктер орнай қойған жоқ. Есесіне санкциялар салу ісіне кейбір елдер қолдау білдіре бастады. 

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арахчи 5 қазан күні Тегеранда шетел дипломаттарымен болған кездесуде Иран тарапының біраз ренішін ашық айтты. 

«Каир келісімі бұдан былай МАГАТЭ-мен ынтымақтастығымыз үшін маңызды емес. 2015 жылғы ядролық келісімге қол қойған Ұлыбритания, Франция және Германия Иранды өз міндеттемелерін бұзды деп айыптап, БҰҰ санкцияларын қалпына келтіру туралы шешімдерін қолдап шықты. Біз әрқашанда ядролық зерттеулерімізді азаматтық мақсаттарға пайдаланатынымызды ашық айтып келе жатырмыз. Осы үш еуропалық ел левереджге ие деп санайды және тез арада санкциялар саламыз деп қорқытады. Енді олар сол рычагты пайдаланып, нәтижелерін көргеннен кейін, өз рөлдерін әлсіретіп, келіссөздер жүргізу себебін жойып жіберді. Ендігі жерде Иранның ядролық бағдарламасы бойынша кез келген келіссөздерінде біз үшін Ұлыбритания, Франция және Германия елдерінің рөлі маңызды емес. Иран алдағы уақытта агенттікпен ынтымақтастық туралы шешімін жариялайды, дегенмен дипломатияға әлі де орын бар», – деді Сыртқы істер министрі.

Қиын жағдайда тұрған Иран елі МАГАТЭ-ні «қос стандартты ұстап отыр» деп айыптады. Олай дейтіні Агенттік Ядролық қаруды таратпау туралы келісім бойынша міндеттемелерінің бар екендігін біле тұра Израильдің Иранның ядролық нысандарына жасаған шабуылын айыптап, Израиль тарапына ешқандай ескерту жасамаған.

Америка Құрама Штаттары бастаған және Израиль қолдайтын Батыс елдері Иранды ядролық қаруға ұмтылды деп ұзақ уақыт бойы айыптап келеді – Тегеран бұл айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарады. Иран өз бағдарламасының тек азаматтық мақсатта екенін және ЯҚТШ бойынша уранды байыту құқығын сақтайтынын алға тартады.

Президент Масуд Пежехзиян Иранның келісім бойынша міндеттемелерін орындауды жалғастыратынын үнемі айтып келгенімен, биылғы шабуылдардан кейін кейбір ирандық заңгерлер ЯҚТШ-дан толығымен шығуды алға тартып отыр. 

Иран тарапы АҚШ-пен және өзге де елдермен жасалған келісімдерінің ештеңеге іске аспағанына қапалы сияқты. Әлем елдері жаппай қарулануға бет алған тұста Иранның алдағы бағыты туралы болжам айту қиын. Дегенмен Тегеран ядролық зерттеулері мен уран байыту істерін жалғастыратын болады. Олардың уәжіне сенсек, қазірге дейінгі сантүрлі келісімдер Израильдың шабуылдауына ешқандай да бөгет болған жоқ.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
09.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 48
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 45

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18473
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18337
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33520
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32070
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35838