Гандбол: Қыздар құрамасы 2-орында

Гандбол:   Қыздар   құрамасы   2-орында

Алматы қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында гандболдан Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші орын алды. Құрлықтық додада барлығы бес құрама сынға түсті. Олардың қатарында Иран, Өзбекстан, Қазақстан, Үндістан және Сирия құрамалары бар. Қазақстандық гандболшылар төртінші кездесуде Өзбекстанды 31:29 есебімен тізе бүктірді. Одан бұрын Сириядан 32:14, Үндістаннан 28:21 есебімен басым түскен еді. Ал алғашқы кездесуде Иранға 19:20 есебімен жол беріп қойған-ды. Нәтижесінде бірінші орын сегіз ұпаймен ирандық қыздарға бұйырса, алты ұпаймен қазақстандық гандболшылар екінші орынға табан тіреді. Одан кейінгі орындарға Өзбекстан, Үндістан және Сирия қыздары ілікті. Алғашқы екі орын алған құрамалар әлем біріншілігіне берілетін жолдаманы еншіледі.

 

Ермек САХАРИЕВ
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 193
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 207
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 474
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 280

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18387
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18250
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33435
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31987
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35751