Футболдан әлем чемпионаты

Футболдан әлем чемпионаты

21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда футболдан 22-і әлем чемпионаты өтеді. Катар өз тарихында футболдан әлем чемпионатын алғаш рет қабылдайды. Жанкүйерлер финал матчын 18 желтоқсанда Лусаилдегі Ұлттық стадионда тамашалай алады. Алаңға 80 мың көрермен сыяды. Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир. Әлем чемпионатының финалдық турниріне 32 құрама қатысады. Футболдан әлем чемпионаты – футболдан өтетін басты халықаралық сайыс. Біріншілікті ФИФА Әлем кубогы деп те атайды. Чемпионатты әлемдік футболдың басқарушы органы – ФИФА өткізеді. Оған барлық құрлықтан ФИФА-ға мүше елдердің ерлер ұлттық құрамасы қатысады. Әлем чемпионатының финалдық турнирі Олимпиада сияқты 4 жылда бір рет өткізіледі. Алайда өңірлік турнирлерді ескерсек, әр мундиаль 3 жылдан астам уақытқа жалғасады. Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен болатын. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Ермек Сахариев
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 228
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 238
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 501

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18425
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18282
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33470
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32021
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35789