Енді оқушылар жыл соңында қазақ тілінен емтихан тапсырады

Енді оқушылар жыл соңында қазақ тілінен емтихан тапсырады

Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10-сыныптарды аяқтаған оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсыруы мүмкін.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрінің бұйрығында жазылған.

«2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан енгізіледі. Қазақ тілі бойынша емтихан оқу бағдарламасын меңгеру қорытындысы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, жазбаша және ауызша нысанда өткізіледі. Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады. Тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді. «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша қорытынды баға емтихан (5 балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (5 балдық шкала бойынша) нәтижелері негізінде 30-70% пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағалау ең жақын бүтінге қарай дөңгелектеледі», – делінген құжатта.

Мұндай өзгеріс қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында енігізілгелі отыр. Бұл норма 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұйрық 3 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.

turkystan.kz.
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584