Допты хоккей: «Ақжайықтың» ірі жеңісі

Допты хоккей: «Ақжайықтың» ірі жеңісі

Допты хоккейден Ресей чемпионатында жоғары лига командалары арасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» Орынбордың «Локомотивімен» екінші кездесуін өткізді. «Жастар» стадионында өткен матчта оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері қарсыласын 13:4 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында «Ақжайықтың» сұрмергені, ресейлік Михаил Пахомов алты голдың авторы атанды. Ол биылғы маусымда соққан гол санын 20-ға жеткізді. Сондай-ақ, ресейліктер Артем Лапшин мен Александр Слугин үш-үштен гол соқты. Нұрбол Бөкешов те айдыннан бос кетпей, тағы бір голды еншісіне жазды. Осылайша, 6 ойыннан кейін 15 ұпай жинаған оралдық команда өз тобында әзірге төртінші орында келеді. Бірақ, қарсыластарына қарағанда, «Ақжайық» матчты әлдеқайда кем өткізді. Батысқазақстандық клубтың келесі кездесулері 28-29 қаңтарда өз айдынында «Никельщикпен» (Верхний Уфалей) өтеді.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 82
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 90
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 388
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 373

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18288
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18148
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33339
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31889
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35632