«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС МАМАН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС МАМАН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
 
Түркістан облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып келеді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды көздейтін жоба арқылы жастарға қолдау көрсетілді.
2023 жылы облыста осы жоба аясында тұрғын үй салу немесе сатып алуға 2,6 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие бөлініп, 497 маман баспаналы болды. Маманға 1 500 айлық есептік көрсеткіш немесе 5 175 000 теңге көлемінде несие берілді. Сонымен қатар аудан, қала бюджеттері есебінен 1390 маман жалпы 479,5 млн. теңге бір реттік көтерме жәрдемақыға ие болды. 1 маманға 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 345 000 теңгемен қолдау көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қағидаға өзгерістер енгізіліп, биылдан бастап аудан орталықтарына – 2500 айлық есептік көрсеткіш, немесе 9 230 000 теңге көлемінде және ауылдық елді мекендерге тұрғын үй алуға 2 000 айлық есептік көрсеткіш немесе 7384000 теңге көлемінде несие беріледі (0,01%-бен 15 жылға). 2024 жылға 514 маманға 4,1 млрд. теңге беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар аудан, қала бюджеттері есебінен 1610 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы төлеуге 594,6 млн. теңге жоспарланған. 1 маманға 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 369 200 теңге көтерме жәрдемақы беріледі деп көзделіп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
06.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 77
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 85
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 384
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 588

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18285
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18143
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33335
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31886
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35627