Діни фанатизмді ту еткен екі «қошқар»

Діни фанатизмді  ту еткен екі «қошқар»

Діни фанатизмді ту еткен екі қошқарды сүзістіріп алып, енді оларды ымыраға келтіруді жөн деп тапқан Трамптың тірлігіне жаһан құлақ түруде. Сонымен әлемдік саяси сахнада екі қуыршағын текетірестік ойынға қосқан АҚШ президентінің аузынан қандай сөз шығады деп әлем әрі-сәрі болған шақта АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Израиль арасындағы оқ атуды тоқтату туралы мәлімдеуінің алдында еврей мемлекетінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға телефон шалып, барлық ұрыс қимылдарын тоқтатуды талап етті, себебі Тегеран қазірдің өзінде «айтарлықтай әлсірегені» туралы NBC News телеарнасы Ақ үйдің жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Енді істің мәнісіне толық тоқталайық.

Жұрттың бәрін аузына қаратып, әліптің артын күткендерге: «Израиль мен Иран бітімге келісті» деп мәлімдеді Трамп. Бірінші болып Иран оқ атуды тоқтатады, 12 сағаттан кейін Израиль осындай қадамды жасайды, ал «24 сағаттан кейін әлем 12 күндік соғыстың ресми аяқталуын қолдайды», – деді ол.

«Енді ешқандай соғыс, ұрыс жоқ. Ирандықтар айтарлықтай әлсіреген», – деді Трамп, телеарнаның дереккөзі мәлімдегендей.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Израиль арасындағы бітімгершілік туралы жариялады.

«Баршаңызды құттықтаймыз! Израиль мен Иран толық және жан-жақты оқ атуды тоқтатуға толық келісті», – деп жазды ол Truth Social басылымында. Оның айтуынша, ол «шамамен алты сағаттан кейін, Израиль мен Иран өздерінің ағымдағы, соңғы миссияларын аяқтағаннан кейін» басталады.

Бірінші болып Тегеран оқ атуды тоқтатуы тиіс, 12 сағаттан кейін Израиль тоқтатады, ал «24 сағаттан кейін әлем 12 күндік соғыстың ресми аяқталуын құптайды», – дейді Ақ үйдің басшысы.

Премьер-министрдің кеңесшісі Биньямин Нетаньяху Дмитрий Гендельман Израиль Иранға қарсы «Ам КеЛави» («Халық арыстанға ұқсайды») операциясында өз мақсаттарына жеткенін және АҚШ президенті Дональд Трамппен келісе отырып, оқ атуды тоқтататынын растады.

«Операцияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге байланысты және президент Трамппен толық келісе отырып, Израиль оның екіжақты оқ атуды тоқтату туралы бастамасын қабылдады. Израиль бітімгершілік шарттарының кез келген бұзылуына барынша батыл жауап береді», – деп жазды ол телеграм-арнасында.

Израиль билігі Трамп пен АҚШ-қа «Иран ядролық қатерін жоюға қатысқаны үшін» алғыс білдірді.

Трамп соғыс ұзақ жылдар бойы жалғасып, «бүкіл Таяу Шығысты бұзып жіберер еді, бірақ ол ешқашан да болмас еді» деп атап өтті. «Құдай, Израильді де, Иранды да, Таяу Шығысты да, Америка Құрама Штаттарын да, һәм, бүкіл әлемді қолдасын», – деп түйіндеді ол сөзін.

Құдайды ауызға алып, сөзін түйіндеген Трамптың тірлігіне Иран жағы қалай қарайды, соған құлақ асайық.

Бұған дейін CNN-ге Иранның жоғары лауазымды шенеунігі хабарлағандай, Тегеран оқ атуды тоқтату туралы ешқандай ұсыныс алған жоқ. Сұхбаттасушының айтуынша, Иран «берік бейбітшілікке қол жеткізгенге дейін» күреседі, ал Израиль мен АҚШ мәлімдемелерін «Иран мүддесіне жасалған шабуылдарды ақтайтын алдау» деп бағалайды.

Абилсерик Алиакбар

 

26.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14854
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14751
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29899
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28516
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32076