Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев жарақатынан кейін алаңға оралып, отандастарына үндеу жасады. 18 жастағы шабуылшы Instagram парақшасында қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтып, жазба жариялады. «Қолдауларыңыз үшін рақмет, қазақстандықтар! Алға, «Бернли»! Біз алға қарай жылжи береміз», – деп жазды Дастан.












