БҚО командасы – жеңіс тұғырында

БҚО командасы – жеңіс тұғырында

Ағымдағы жылдың 11-16 шілде күндері Шымкент қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында өткен ҚР XII жазғы чемпионатында Батыс Қазақстан облысының командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

 

 Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Чемпионатқа 13-14 жас, 15-16 жас және 17-18 жас тобынан барлығы 17 команда қатысқан. Солардың арасында шабуыл сатысымен көтерілетін жарыс түрінде Батыс Қазақстан облысының командасы 3-орынды иеленген. Ал жеке есепте жоғары топтағы жасөспірімдер арасында Никита Мухамадеев – 3-орынға, кіші топтағы жасөспірімдер арасында Абылай Серіков 1 орынға ие болған.

100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту сайысында БҚО командасы 2-орынға қол жеткізген. Жеке есепте кіші топ  арасында Абылай Серіков 1-орынды жеңіп алса, аға топтар арасында Райымбек Райымқұлов 3-орынға тұрақтаған. Сонымен бірге 100 метр бойынша өткен 4 өрт эстафетасында, жауынгерлік қанат жаю қорытынды сайысында батысқазақстандық команда 1-орын алған. Осылайша БҚО командасы жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болды.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
19.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 160
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 170
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 447
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 433

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18350
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18213
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33398
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31953
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35711