Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Аудан прокуратурасының бастамасы бойынша «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Жамбыл ауданы бойынша Мансап орталығында алимент бойынша 3 айдан астам берешегі бар жұмыссыз азаматтарға, пробация есебінде тіркеуде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жұмыссыз азаматтарға арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.
Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде 5 мекеме қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды.
Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 20-дан астам азаматтың ішінен 15 азамат жұмыс берушімен сұхбаттасуға жолданды, 3 тұлға тұрақты жұмысқа орналасуға құжаттарын ұсынды, қалған жұмыссыз азаматтар бос жұмыс орындарымен танысты.
Аудан прокуратурасымен алимент бойынша 3 айдан астам берешегі бар жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасудың және алимент берешегін уақтылы төлеудің маңыздылығы түсіндірілді. Алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгені ескертілді.
Жамбыл ауданы әкімдігі
24.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 94
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 100
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 394
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 689

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18293
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18155
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33344
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31895
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35639