Біз Ресейге неге жабыса береміз?

Біз Ресейге неге   жабыса береміз?

31 мамыр – Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Біз Ресейге неге   жабыса береміз?

немесе аштықтан миллиондап қырылған, 

қуғын-сүргін, ату, асудан мың-мыңдап қаза тапқан 

қазақтардың обалы кімге?

Қазақ халқына тек қана зұлымдық, жамандық жасап, үш ғасыр бойына бодандықта ұстап қорлап, зорлап, қиянат көрсетіп келе жатқан Ресейге шынында да неге жабыса береміз? Сүйегімізге дейін өтіп кеткен Ресейдің осындай озбырлықтарын санап тауыса алмайсың. Көп, өте көп! Әсіресе Кеңес өкіметі кезінде олар зұлымдықтарын ашық істеді. 1921-1922, 1932-1933 жылдардағы қолдан жасаған сұрапыл аштықтан 5 000 000 қазақ (бәлкім одан да көп) қырылды. Жүз мыңдап қаймағымызды   сыпырды. Соған қарамастан ІІ   дүниежүзілік соғыста қазақтар Ресей жерін, Мәскеуді жанкештілікпен қорғады, қанын төкті. Басқа-басқа неміс фашистеріне атылған 10 оқтың тоғызын бердік. Өзіміз аш-жалаңаш болсақ та ұн, азық-түлік, киімді майданға жібердік. Елімізді полигонға айналдырды. Шыдадық, төздік.

Міне, осы жақсылықтарымызды орыстар біліп жатыр ма? Жоқ! Әлі де кемсітеді, әлі де қорлайды. «Орта азиялықтардың соғысқа қатысы жоқ», – деді Путин мырза шімірікпестен. Ендеше неге біз оларға жабыса береміз? Өзімізше дербес, тәуелсіз өмір сүруге хақымыз жоқ па? Намысымыз, рухымыз қайда? Байлық, қазынамыз жетеді. Рас, көрші ретінде сыйласайық, араласайық. Кәнеки, ойланайықшы, толғанайықшы бір, қазағым!

 

 

Ертай Айғалиұлы
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 176
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 190
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 458
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 269

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18365
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18228
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33415
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31968
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35730