Бәрі ашық айтылуы тиіс

Бәрі ашық айтылуы тиіс

Террорлық әрекет қаншама адамның өмірін жұлып кетті. Құрбандыққа ұшырағандар да аз емес.
“Қазақстан бойынша 4578 адам зардап шеккен, оның ішінде 4353 адам жараланған. Күштік құрылымдардан 3393 қызметкер жарақат алған. Төтенше жағдай тұсында 225 адам қаза тапқан. Олардың басым бөлігі содырлар. Қаза тапқандар арасында 19 полиция қызметкері бар. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар да қаңғыған оққа іліккен”,- дейді Бас прокуратураның қылмыстық істерді тергеу қызметінің бастығы
Серік Шалабаев.
Президент күштік құрылымдармен өткізген жиналыста және твиттердегі жазбасында бейбіт тұрғындарды қудаламау туралы тапсырма берді.
Бізге керегі – тыныштық. Бұлғақ кезінде елдің бір болуы маңызды. “Бөрі жарасын жалап емдейді”,- деген.
Қаралы жұрт, жаралы жүрек Қазақстанның Тәуелсіздігі қыл үстінде тұрған сәтті толық және терең сезінеді.
Елдіктің жолы тақтайдай тегіс емес. Бұралаңы, бұлтарысы мол.
Президент елден ештеңені жасырып отырған жоқ. Ашықтық және әділдік қағидаты ауыр күндерден алып шығары анық.
Бір болайық! Бірге болайық!

Нұртөре Жүсіптің фейсбук парақшасынан
16.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584