🪪БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАНК КАРТАЛАРЫН ЕНДІ ҚАМҚОРШЫЛАРЫ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ АША АЛАДЫ

🪪БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАНК КАРТАЛАРЫН ЕНДІ ҚАМҚОРШЫЛАРЫ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ АША АЛАДЫ
👩‍💻Балаларға банк карталарын ашу олардың қамқоршылары мен қорғаншылары үшін онлайн режимінде қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің цифрландыру және автоматтандыру департаменті хабарлады.
💬«Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе отырып, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімімен олардың қамқоршылығындағы 18 жасқа толмаған балалар туралы мәліметтерді беру бойынша екінші деңгейлі банктермен интеграциялық қызметті жүзеге асырды. Интеграция қорғаншылар мен қамқоршыларға банктік қызметтерді алу үшін қағаз жүзіндегі анықтамаларсыз, өздерінің мәртебесін онлайн растауға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.
📲Бұрын балаға банк картасын тек ата-анасы ғана аша алатын. Енді бұл қызмет қорғаншылар мен қамқоршылар үшін де қолжетімді болады. ҚР Оқу-ағарту министрлігінде мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғасуда.
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
07.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 98
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 106
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 397
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 718

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18296
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18158
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33347
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31898
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35646