Балалардың болашағы маңызды

Балалардың болашағы маңызды

 

Орал қаласында 25-29 шілде күндері «Самал» туристік лагері базасында «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылған балаларға арналған «Бақытты бала» жазғы лагері ұйымдастырылды. 

Балалар қашан да бақытты болуға лайықты. Осыған орай ұйымдастырылған демалыс лагеріне 16 жеткіншек қатысты. Олар қазақ халқының ұлттық спортынан және басқа да ойын түрлерінен жарыстарға қатысып, қазақ хандығы, ұлт зиялылары туралы және діни-ағартушылық бағыттағы тарихи кинофильмдер көріп, қаладағы мұражайларға саяхаттады.  Сонымен қатар арнайы шақыртылған практик-психолог, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, педагогика және психология ғылымдарының магистрі Л.Шакимова, практик-психолог, педагогика және психология ғылымдарының магистрі, Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, құқық қорғау органдарының аға оқытушысы А.Абдукеева балалармен психологиялық тренингтер өткізді.

Облыстық дін істері басқармасының бас маманы Сандуғаш Нұрланқызы бұл санаттағы балалармен түрлі іс-шаралар, соның ішінде семинарлар мен тренингтер өткізілетінін, ойын-сауық орталықтарына немесе кинотеатрларға апару, аналарымен бірге табиғат аясына алып шығу сынды жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Басты мақсат – өскелең ұрпақты өз халқының тарихы мен шежіресін, салт-дәстүрін, дінін, мәдени қасиеттері мен ұлттық құндылықтарын түсіне алатын ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 149
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 161
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 437
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 426

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18342
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18204
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33390
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31943
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35702