Астана мен СҚО-ның 40-тан астам колледжінің студенттері «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбындағы экосағатқа қатысты

Астана мен СҚО-ның 40-тан астам колледжінің студенттері «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбындағы экосағатқа қатысты

Астана қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінде «Адал азамат» мемлекеттік тәрбие бағдарламасы аясында су үнемдеу мәселесіне арналған «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында экологиялық сағат өтті. Іс-шараға БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа және Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров қатысты.

 Спикерлер студенттерге судың маңызы, оны тұрмыста және экономика салаларында үнемдеу тәсілдері, министрліктің су шаруашылығы саласын дамыту және білікті кадрларды даярлау бағытында қабылдаған шаралары, сондай-ақ БҰҰДБ қатысуымен Қазақстанда су ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.

 Атап айтқанда, БҰҰДБ тұрақты өкілі Астанада 22-24 сәуір аралығында өтетін Өңірлік экологиялық саммиттің маңызына тоқталды.

 «Алдағы саммит – бұл Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары қатысатын өте жоғары деңгейдегі іс-шара. Бұл өңірдегі экологиялық мәселелердің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Саммит әлемдік сарапшылар мен озық тәжірибелерді тартуға мүмкіндік береді. Онда су тақырыбын қоса алғанда, көптеген маңызды мәселе талқыланады. Су ресурстары – трансшекаралық мәселе. Сондықтан Өңірлік саммит қатысушы елдер үшін жаңа технологиялар мен әдістемелерді талқылауға жақсы мүмкіндік болады. Біз цифрландыру дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, сол себепті цифрландыру күн тәртібіндегі басты тақырыптардың біріне айналады», – деді Катаржина Вавьерниа.

 Өңірлік экологиялық саммит – климаттың өзгеруін, табиғи ресурстарды орнықты басқаруды және басқа да өткір экологиялық мәселелерді шешу мақсатында Орталық Азия елдері мен өзге де мемлекеттердің күшін біріктіруге бағытталған халықаралық іс-шара. Саммитке халықаралық ұйымдардың, бизнестің және ғылымның өкілдерін қоса алғанда, 1500 делегат қатысады деп күтіліп отыр. БҰҰ-мен серіктестікте саммит өткізу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында ұсынған болатын.

Іс-шара аясында өткен пікірталас барысында БҰҰДБ тұрақты өкілі мен Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары студенттердің су үнемдеу технологияларын енгізу және саланы цифрландыруға қатысты сұрақтарына жауап берді.

 Экологиялық сағатқа Астана қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінің 125 студенті қатысты. Сондай-ақ акцияға елорданың 26 колледжі мен Солтүстік Қазақстан облысының 19 колледжінің студенттері қашықтан қосылды.

 Технологиялық колледж студенттері технологиялық мамандықтар жұмысында су үнемдеу технологияларын қолдануға арналған өз жобаларын ұсынды. Оған қоса, қонақтар болашақ гидротехник мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған бірегей зертханалық жабдықтардың жұмысымен танысты.

 Айта кету керек, 2025 жылы оқу орны дуалды білім беру жүйесі бойынша гидротехник мамандарды даярлауға лицензия алған.

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

13.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23431
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23091
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39261
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36600
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40722