Апат айтып келмейді

Апат айтып келмейді

16 сәуір күні түнгі сағат 03:55-те Тараз қаласындағы Төле би көшесі, 4 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Жалын 800 шаршы метрді, яғни ғимарат шатырының жалпы аумағын шарпыды.  Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз хатшысының хабарлауынша, өрт сөндірушілер күшімен тұрғын үйден 100 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 60 бала бар. Өртті сөндіруге 13 техника мен 54 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккен тұрғындарды №10 мектепке уақытша орналастыру жөнінде шешім қабылданды.  Өрт шалған көпқабатты тұрғын үйде 133 пәтер болса, бесінші қабаттағы 20 шақты пәтерге зақым келген.  Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдың айтуынша, қазіргі таңда өрт шалған тұрғын үйге «Таraz Invest Azia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Тиісті құзырлы органдар ол жерде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, зерттеп, өрттің неден шыққанын анықтауда. Шығын көлемі шамамен 40-50 миллион теңге. – Жөндеу жұмыстарын барынша қысқа мерзімде аяқтауға, бүлінген пәтерлерді қалпына келтіріп беруге күш саламыз. Тұрғындардың біразы қазіргі таңда өз үйлеріне қайта барып, пәтеріне жөндеу жүретін кейбірі туыстарының үйін паналауда. 20 пәтер тұрғындарының ішінде көпбалалы аналарға шипажайға, оңалту орталықтарына жолдамалар берілді, – дейді Қайрат Исмаил.  Осы орайда, төтенше жағдайлар департаменті көпқабатты тұрғын үйлерде өрт оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

«Aq jol»-Aqparat.
18.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584