«Алтынтау- Көкшетау» алтынды жер астынан қазады

«Алтынтау- Көкшетау» алтынды жер астынан қазады

Өткен аптада Көкшетау қаласының іргесіндегі «Алтынтау Көкшетау» АҚ кен орнында алғашқы жерасты жарылысы жасалып, кенішті игерудің жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл жер үстінде қазандық тәсілімен кенді игеру тоқтап, алтын қазуда  жерасты өндіру тәсіліне көшкендігіне  жол ашылды.

«Алтынтау Көкшетау» АҚ – Ақмола облысындағы жүйе құраушы ірі кәсіпорын және өңір өнеркәсібінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Бүгінде компанияның Зеренді ауданындағы Қонсыбай елді мекеніне қарайды.  

Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов қатысып, сөз сөйледі. 

 

Ернар Жаркешов:  «Шахталық әдіске көшу – кәсіпорын үшін тарихи маңызы бар кезең. Өңір басшылығының қолдауымен кен орнын кеңейту және жерасты өндіру тәсіліне көшу жұмыстары басталды. Бұл кен орнының қызмет ету мерзімін 2047 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асырылуы Ақмола облысының дамуына елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпорынның одан әрі дамуына жаңа серпін береді», – деді.  

«Алтынтау Көкшетау» үшін бұл – маңызды оқиға. Кен орнының тарихы 60 жылдан асады. Бүгінде оны игеру жаңа кезеңге аяқ басты. Биыл қаңтар айында мұнда тау-кен массасын алудың алғашқы қасығы көтерілсе, бүгінгі жарылыс болашақ жерасты кенішінің порталын қазу жұмыстарына бастау берді.

Өңір үшін де бұл қадамның маңызы зор. Қорларды жерасты тәсілімен игеру кеніштің ұзақ мерзімді жұмысын қамтамасыз етіп, оның өндірістік әлеуетін сақтауға және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бастаманы жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың қолдауы маңызды рөл атқарды. Кәсіпорынның өндірістік аумағын кеңейту үшін компанияға көлемі 1057 гектар қосымша жер учаскесі берілді. Бұл аумақты одан әрі игеруге және шахталық өндіру тәсіліне көшуге қажетті жағдай жасады.

Бүгінде кәсіпорын Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісінің 17 пайызын қамтамасыз етеді. Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 23 пайызды құрайды. Компания сонымен қатар облыстағы ірі жұмыс берушілердің бірі. Мұнда 1700-ден астам адам еңбек етеді.

«Алтынтау Көкшетау» АҚ Бас директоры Арман Алиев бүгінгі оқиғаға түсінік беріп,  алғашқы жарылыс – ауқымды дайындық жұмыстарының нәтижесі әрі кәсіпорын ұжымы үшін жаңа кезеңнің басталуы дей келіп, сөзін төмендегідей сабақтады. 

Арман Алиев:

 «Бүгін біз үшін шын мәнінде айтулы күн. Болашақ жерасты кенішінің порталын қазу жұмыстарына арналған алғашқы жарылыс – компания тарихындағы маңызды қадам. Бұл оқиғаның артында ұжымның үлкен еңбегі және біз біртіндеп жеткен жаңа кезең тұр. Жерасты өндіру кен орнын одан әрі игеруді жалғастыруға және кәсіпорынның өсуіне жаңа мүмкіндіктер береді. Әрине, сонымен қатар жаңа жұмыс орындары да ашылады», – деді. 

«Алтынтау Көкшетау» өңірдің әлеуметтік өміріне де белсенді атсалысады. Компания әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, елді мекендердің дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға өз үлесін қосып келеді. Жаңа жоба, жаңа әдіс нәтижелі, халықтың әл-ауқатына жайлы болсын деген бізден тілек. 

Дахан Шөкшир

16.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27889
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27387
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44737
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40442
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45064