Алматыда террорлық шабуыл кезінде ерлікпен қаза тапқан курсанттың отбасына ІІІ дәрежелі “Айбын” ордені табысталды

Алматыда  террорлық шабуыл кезінде ерлікпен қаза тапқан курсанттың отбасына ІІІ дәрежелі “Айбын” ордені табысталды

Бүгін, 12 қаңтарда әскери және қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ҰҚК Шекара академиясының курсанты Бітім Мейірханның Ақтаудағы ата-анасына мемлекеттік награда жеткізілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мейірхан Ержанұлы қайтыс болғаннан кейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі және батылдығы мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған болатын. 

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекеттік награданы марқұмның атасына табыстады.

- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мейірханның қызметтік борышын орындау кезіндегі көрсеткен ерлігін жоғары бағалап, қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін беру туралы Жарлыққа қол қойды. Мейірхандай ержүрек баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген отбасына, ұстаздарына, жақындарына алғысымды білдіремін. Енді бұндай орны толмас өкініш қайталанбасын. Ол үшін елдің бірлігі мен ынтымағы қажет,- деді Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ, өңір басшысы марқұмның отбасына Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың көңіл айту жеделхатын табыстады.

12.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584