Алматыда алдағы жаңбырға орай арнайы техника мен жедел бригадалар дайындалды

Алматыда алдағы жаңбырға орай арнайы техника мен жедел бригадалар дайындалды

Бүгін түстен кейін Алматыда жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Қаланың коммуналдық және жедел қызметі су басу қаупіне жедел әрекет ету үшін арнайы техника мен мамандарды дайындады. Бұл туралы Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

«Қазгидромет» болжамынша, жауын-шашын сағат 15:00-ден кейін басталып, түнгі сағат 02:00-ге дейін жалғасады. Жауын-шашын мөлшері 5 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы +17…+19 °С шамасында болады.

Су басуы мүмкін жерлерде алдын алу және оның салдарын жою үшін 85 жедел бригада кезекшілікке қойылды. 1 579 жол қызметкері, 415 арнайы техника, 97 мотопомпа және құм салынған 5 мыңға жуық қап дайын тұр.

Су жиналу қаупі бар учаскелерге ассенизаторлық көліктер мен су соруға арналған жабдықтары бар бригадалар орналастырылады.

Коммуналдық қызметтің күнделікті жұмысына 3 250 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника тартылады. Көше мен жолдың тазалығын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Синоптиктердің болжамынша, ертең күндіз жауын-шашын болмайды. Алайда 26 қараша күні түстен кейін жаңбыр қайта жаууы мүмкін.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде ауа райын ескеріп, жол мен тротуарда абай болу, су жиналуы мүмкін аумақтардан аулақ жүру ұсынылады. Жүргізушілер жаңбыр кезінде көлік жылдамдығын азайтып, қауіпсіз арақашықтықты сақтауы қажет.

24.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29833
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29387
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46614
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42185
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46961