Алматы халықаралық әуежайы БҰҰ-ның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» науқанын қолдады

Алматы халықаралық әуежайы БҰҰ-ның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» науқанын қолдады

Алматы халықаралық әуежайы жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін БҰҰ-ның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» жаһандық науқанына қосылды. Науқан әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресте мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, бизнес өкілдері мен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіреді.

 «Алматы халықаралық әуежайы күн сайын мыңдаған адамды – түрлі елдер мен мәдениеттерден келген саяхатшылар мен қонақтарды біріктіреді. Әуежайдың жауапкершілігі қауіпсіз әрі жайлы сапарды қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Қоғамның бір бөлігі ретінде біз де инклюзивті әрі қолдауға негізделген ортаны қалыптастыруға үлес қосуымыз керек. Сондықтан осы науқанға қатысып отырғанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті Алматы халықаралық әуежайы президентінің орынбасары – аға вице-президент Филипп Лабори.

 Науқан аясында әуежайда «Қасыңдағы адам» (A Person Next to You) атты ақпараттық бастама іске қосылады. Оның мақсаты – гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару, өзара қолдаудың маңызын еске салу және көмек алу жолдары туралы ақпарат тарату.

 «Біз Алматы халықаралық әуежайындағы серіктестерімізбен бірлесіп, «Қасыңдағы адам» ақпараттық бастамасын іске қосып отырмыз. Бұл бастама зорлық-зомбылықтан зардап шеккен немесе оның куәгері болған адамдарға медициналық, құқықтық және психологиялық көмекті қайдан алуға болатынын білуге мүмкіндік береді», – деді «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Орталық Азия бойынша байланыс офисінің басшысы және Қазақстандағы елдік офистің өкілі, д-р Джерен Гювен Гюрес.

Бастаманың көрнекі белгісі ретінде әуежайдың ұшу және келу аймақтарындағы орындықтарға арнайы қызғылт сары түсті қаптар орналастырылды. Қызғылт сары түс – БҰҰ-ның әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы науқанының халықаралық символы. Ол жолаушылардың назарын осы маңызды мәселеге аударуға бағытталған. Қаптарда «A Person Next to You» бастамасының атауы мен арнайы ақпараттық платформаға өтуге мүмкіндік беретін QR-код орналастырылған. Платформа арқылы жолаушылар қолдау қызметтерінің байланыс деректерімен танысып, медициналық, құқықтық және психологиялық көмек алу жолдары туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар әуежайдың LED-экрандарында гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбына арналған ақпараттық бейнероликтер көрсетіледі.

 2026 жылы жаһандық науқан «Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік: әділдікті қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықты бастан өткерген адамдарды қорғау, жазасыздыққа жол бермеу» ұранымен өтеді. Науқанның өзара байланысты үш басымдығы сот төрелігіне тиімді қол жеткізудің, зорлық-зомбылықты бастан өткерген адамдарға кешенді қолдау көрсетудің және кінәлілерді жауапкершілікке тартудың маңызын атап көрсетеді.

 Науқанға қосылу арқылы Алматы халықаралық әуежайы зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әрбір адам құрметке, қауіпсіздік пен қолдауға ие бола алатын қоғам қалыптастыруға бағытталған жаһандық үндеуді қолдайды.

26.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29891
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29449
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46671
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42237
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 47021