Ал, Александр Герлиц – қола жүлдегер атанды!

Ал, Александр Герлиц  – қола жүлдегер атанды!

 

     2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында парабиатлоннан 10 шақырым қашықтықта сынға түсіп, нәтижесінде қола жүлдегер атанған Александр Герлиц мемлекет тарапынан  қола мелалі үшін 75 мың АҚШ доллары (38 миллион теңге) көлемінде сыйақы алатын болды. Еске салсақ, еліміздің атынан Қысқы Паралимпиадада алтын алғандарға 250, екінші орын иелеріне 150 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы белгіленген. Аталған бәсекеде алтын медаль канадалық Марк Арендзге бұйырса, күміс жүлдені украиналық Григорий Вовчинский алды. XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин ел намысын қорғауда. Енді қазақстандық спортшылар 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды. Қысқы Паралимпиада 4 және 13 наурыз аралығында өткізіледі. Онда әлемнің 50 мемлекетінен келген 700-ге тарта спортшы бақ сынауда. Қазақстандық А.Герлиц парабиатлоннан 10 шақырымға түрегеп сырғанауда мәре сызығын үшінші болып қиған болатын.

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында: «Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі. Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!» – деп жазды.

Ермек Сахариев
09.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 202
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 216
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 480

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18398
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18259
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33445
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31996
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35764