Афинаның ең биік нүктесінде Қазақстан туы желбіреді

Афинаның ең биік нүктесінде Қазақстан туы желбіреді
Республика күніне орай Афинаның ең биік нүктесі – Ликавитос тауында Қазақстанның көк туы желбіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл хабарды 2023 жылғы 20 тамыз күні ҚР Сыртқы істер министрлігі жеткізді.

"Грекия астанасының тұрғындары мен қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр жоғары биіктікте орнатылған Қазақстанның туын тамашалай алды. Афинаны қоршап тұрған жеті төбенің ішіндегі ең биік Ликавитос шыңынан Грекия астанасының ең көркем және кең панорамасы ашылады", – делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, гректер үшін ежелгі және қасиетті саналатын жерден Қазақстан туының көтерілуі грек және қазақ халықтарының арасындағы достықты білдіреді.

"Бұл ерекше құттықтауды негізгі миссиясы елдер арасында сауда, инвестициялар және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілету болып саналатын Қазақстан-Грекия іскерлік кеңесі ұйымдастырды", – дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Грек аңызына сәйкес, Ликавитос тауын Акропольге апара жатқан тасты осы жерде құлатып алған Афина құдайы жасаған. Ежелгі уақытта төбеде "шыңда тұратын Зевстің" киелі орны болған. Ликавитосты "Қасқыр тауы" деп те атайды, өйткені бұл атау грек тілінен аударғанда "қасқырлар тұратын тоғай" деген мәнді білдіреді.

Zakon.kz.
21.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584