«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» халыққа жол тартты

 «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» халыққа жол тартты

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  таңдаулы сөздері мен ой-тұжырымдары жинақталған «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»   жаңа кітабының  тұсаукесері өтті. 

Іс-шарада  Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.Айтбаев, журналист, публицист, «Ақмола Тіршілік» ЖШС директоры Ж.Ерғалиев, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Нұғыман, «Мейірім» волонтерлік орталығының белсендісі М.Муталапов, сондай-ақ «Сенімен болашақ» РҚБ Ақмола филиалының төрайымы А.Дарханбек кітап жайлы лебіздерін білдірді. Жиынға Ақмола облысының мемлекеттік органдарының өкілдері, қоғам белсенділері, еңбек ардагерлері, жазушылар мен жастар қатысты.

Шараны  ашқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев өңірге кітаптың алғашқы партиясы келгенін атап, сол алғашқы даналары сіздердің қолға тигелі отыр деді. 

Досұлан Айтбаев алғы сөзінде: 

«Мемлекет басшысы ұлтымыздың көбірек кітап оқу қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Бұл кітап – жай ғана ой-толғамдар жинағы емес, әрқайсысымыз үшін маңызды бағдар. Оның өз оқырманын тауып, жастарға пайдалы болып, ортақ болашағымыз туралы ойлануға ықпал етуі маңызды», – деді. 

Кітаптың таныстырылу кешінде  ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық құндылықтар, жастар тәрбиесі және ел болашағына деген жауапкершілік мәселелері де талқыланып,  бүгінгі  цифрлық дәуірде тарих пен рухани мұраны сақтаудың маңыздылығы аталды.

Жинаққа Мемлекет басшысының әр жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген мақалалары, түрлі жиындар мен кездесулерде айтқан сөздері, іс-шараларда жасаған баяндамалары, сондай-ақ өзі жазған «Свет и тень», «Преодоление», «Как это было... Хроника волнений в Пекине» (1989 жылғы сәуір-маусым) кітаптарындағы ойлары енгізілген.

Басылымның басты мақсаты – Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұтымды сөздері мен орамды тұжырымдары арқылы оның қайраткерлік тұлғасын, парасатты пайымын, саясаткер әрі зияткер ретіндегі өзіндік қолтаңбасын көпшілікке таныту. Сонымен қатар жинақ арқылы қазіргі Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың ерекшеліктері мен негізгі басымдықтары жөнінде жинақы әрі нақты түсінік қалыптастыру көзделген. Кітапта әділетті мемлекет құру, халық бірлігі, азаматтардың жауапкершілігі, сондай-ақ ғылым, білім және мәдениетті дамыту мәселелері қамтылған. Жинақ саясаттанушы мамандарға, зерттеушілерге және қалың оқырманға, әсіресе жастарға арналған.

Кездесуде ұрпақтар сабақтастығы және қазіргі жастар үшін маңызды құндылықтар тақырыбына да ерекше мән берілді. Талқылауға қатысушылар жылдам өзгерістер, цифрлық технологиялардың дамуы және жаңа сын-қатерлер кезеңінде өз елінің тарихы мен ата-баба мұрасын есте сақтаудың маңызы зор екенін атап өтті. 

Жабал Ерғалиев, жазушы: 

«Бұл кітапты оқи отырып, Президенттің қоғам алдына қойып отырған міндеттерін тереңірек түсінесің. Оның әр сөзінен еліміздің болашағы мен қауіпсіздігіне деген қамқорлықты сезінуге болады. Бұл ойларды өскелең ұрпаққа жеткізу біз үшін маңызды. Сондықтан, кітаптың мән-маңызын жастарға наихаттап, тарату қажет», – деді. 

Аға буын үшін бұл елдің жүріп өткен жолын тағы бір еске алуға мүмкіндік болса, жастар үшін өздерінің ел болашағындағы рөлін тереңірек түсінуге жол ашатыны айтылып,  кітапқа  әр буын өкілдері  үлкен қызығушылық танытып өз ойларын айтты.

Алдағы уақытта облыстың барлық өңірінде кітаптың тұсаукесер рәсімдерін өткізіп, оны халық арасында кеңінен насихаттау жоспарланған. Бұл туралы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Г. Каримова мәлімдеді. Сонымен қатар, өңірлік кітапханалар базасында кітапқа арналған тақырыптық кездесулер мен пікірталастар ұйымдастырылатынын кітапхана басшысы Қ. Оспанов та көпшілікке жеткізді.

 

16.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27889
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27387
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44737
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40442
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45064